Өскемендегі қалалық әкімшілік соты ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғандығы туралы хабар расталған жоқ

АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы қалалық әкімшілік соты ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғандығы туралы хабар расталған жоқ,

Өскемендегі қалалық әкімшілік соты ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғандығы туралы хабар расталған жоқ

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Анонимді қоңырау жергілікті ішкі істер бөлімінің пультіне сейсенбі күні сағат 06.53-те   түсті. Жүргізілген арнайы іс- шаралардың барысында ешқандай бомба табылған жоқ.

 Сондай-ақ кеше Атырау қаласындағы Бизнес және құқық колледжінің ішінде бомба бар деген хабар түскен. Арнайы тексеру шараларында жарылғыш зат табылмаған.