Өскемендегі май зауытында өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Өскемендегі май зауытында тұтанған өртті сөндіруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемендегі май зауытында өрт шықты

«08.30-дар шамасында Өскемен қаласы, Рига көшесіндегі май зауытының аумағында өрт тұтанған. Торфты материал, қойма ғимаратының қабырғаларына жапсырылған жылытқыштар өртенген. Тілсіз жау 144 шаршы метрді шарпыған», делінеді мекеме хабарламасында.


Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД «Өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 40 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі бөлімі жасақталып, өрттің көрші цехтарға өтіп кетуінен сақтау үшін ішкеріге еніп, өрт ошағында жұмыс жүргізді.

Сондай-ақ екі өрт сөндіру ұңғысы ғимараттың қабырғаларын қорғауға жіберіліп, шатырдағы өртті сөндіруге бір ұңғы бөлінді. Оқыс оқиғаның шығу себептері зерттелуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.