Өскемендегі өрттен екі адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өртке байланысты тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.
Өрт сәрсенбі күні бесқабатты үйдің үшінші қабатынан шыққан. Жалын шалған аумақ 12 шаршы метр.
«2 адам құтқарылып, 11 адам қауіпсіз жерге көшірлді, олардың ішінде 1 бала бар. 1935 және 1959 жылы туған екі адам ыс тию диагнозымен ауруханаға жатқызылды»,-дейді ТЖК.
Өрттің бастапқы себебі - электр желісінің қысқа тұйықталуы.
Өрт сөндіруге 5 техника және 18 адам жұмылдырылды.

