Өскемендегі жаңа шағынауданда көпқабатты 48 үй салынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы «Нұрлы жол» шағынауданында көпқабатты 50-ге жуық үй бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Өскемендегі жаңа «Нұрлы жол» шағынауданындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысып қайттым. Жұмыс қарқынды жүруде. Мұнда жалпы ауданы 400 мың шаршы метрді құрайтын көпқабатты 48 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл деген – жаңа 4665 пәтер», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 994 пәтерлі 12 қабатты - төрт және 16 қабатты бес үй салынуда. Жақын арада мердігерлер 9 қабатты он үш үйдің құрылысына кіріспек.

«Жалпы облыс бойынша баспана мәселесін шешу үшін алдағы екі жылда тұрғын үй құрылысының көлемі 2 есеге арттырылады. 730 мың шаршы метр ауданға жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Тек осы жылы өңір бойынша 480 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар