Өскемендегі жол апаты: 4 көлік соқтығысты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі ЖМК ауданында ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемендегі жол апаты: 4 көлік соқтығысты

«Лада Приора руліндегі жүргізуші Сәтбаев даңғылында кептеліс кезінде жылдамдықты арттырған және айналу барысында жолда тұрған Nissan Maxima көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан Lada көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Subaru Legacy және LADA Priora-мен бетпе-бет соқтығысты», - делінген қалалық Полиция басқармасының хабарламасында.

Жол апатынан зардап шеккендер бар, бірақ олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты полиция басқармасы автожүргізушілерге жол ережесі мен қауіпсіз жылдамдық режимін сақтауды ескертеді.