Өскемендік әскери қызметкердің погонын жұлып алған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқапарат - Өскемен тұрғыны дәмхана алдында төбелес шығарып, оны сабырға шақырған Ұлттық ұлан жауынгеріне қол жұмсағаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендік әскери қызметкердің погонын жұлып алған

Көшедегі қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары «Бирсити» дәмханасының алдында төбелесіп жүргендерді айыру мақсатымен, оларды әңгімеге тартады. Төбелесті бастаған азамат тәртіп сақшыларының сөзіне бағынбай, әскери жасақ басшысының погонын жұлып алған. Сақшылар тәртіпке бағынбаған азаматтың қолына кісен салып, жергілікті полиция бөлімшесіне өткізеді. Бұл іс сотқа жетіп, әскери қызметкерге қол жұмсаған азамат 1,5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

«Айыпталушыны қылмыстық жазадан босату үшін 601 250 теңге көлемінде кепілдік төлеу ұсынылған болатын. Сот бұл ұсынысты кері қайырды» - делінген Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.