Өскемендік дәрігерлер коронавирусқа қарсы тұруға дайындалуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында коронавирустың алдын алу туралы семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемендік дәрігерлер коронавирусқа қарсы тұруға дайындалуда

Семинар барысында дәрігерлерге инфекцияның таралуы, этиологиясы, клиникалық көрінісі және коронавирусты жұқтырған адамды қалай анықтау керектігі туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ науқастарға медициналық көмек көрсету және инфекцияның алдын алу жайлы түсіндірілді. Ақ халаттылар өздерін толғандырған бірқатар сұрақтарға жауап алды.

«Коронавирустың алдын алу үшін ЖРВИ-мен ауыратын науқаспен байланыста болған жағдайда және медициналық ұйымдарға барған кезде бір рет қолданылатын маска киіп, оны 3 сағат сайын ауыстырған жөн. Одан соң қолды жиі жуып, үй ішіндегі ауаны тазартып отырған абзал», - дейді Ана мен бала орталығының дәрігерлері.