Өскемендік құқық қорғаушылар 1 келіден астам героин тәркіледі
Оның атап өтуінше, Шығыс Қазақстанның облыс орталығынан Ресейдің Бийск қаласына аттанғалы тұрған пойызға жолаушыларды отырғызу барысында құқық қорғау қызметкерлері жергілікті азаматшаның жеке заттарын тексеру кезінде 50 грамм есірткі затын тәркілеген. Ал аталған азаматшаның пәтерін тінту барысында тағы да 1 келіден астам героин табылған.
«Ұсталған азаматша уақытша оқшаулау орнына қамалып, есірткі затын сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді ресми өкіл.
ҚР Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, өткен апта ішінде есірткі қылмысына қатысты 189 іс анықталса, оның 44-і есірткі заттарын сатумен байланысты болып отыр. Осы уақытта тәркіленген есірткі заттары 890 келіден асады. Оның ішінде 3 келіге жуық есірткінің ең аур түрі - героин бар.