Өскемендік сноубордшы жаттығу кезінде мертікті

  ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Алтай алпьпинисі» шаңғы базасында сноубордшы Надежда Соснова мертігіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Өскемендік сноубордшы жаттығу кезінде мертікті

Кезекті жаттығулардың бірінде сноубордшы үлкен жылдамдықпен электр бағанасына соғылып, томардың үстіне түскен. Спортшы сол мезетте  Өскемен қаласындағы №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жеткізілген.

Оның жанында болған жақындары әлеуметтік желі арқылы төртінші топтың қаны керектігін хабарлады. 

«Томардың ұшы үшкір болатын. Надежда бағанаға бетімен соғылып барып, томарға құлады. Қазір оның жағдайы ауыр. Өкпесі мен бүйрегі бөлініп, мойны шығып кеткен» - деп жазды жақындары әлеуметтік желіде.

Аурухана мамандары қажетті қан жеткілікті мөлшерде жиналғанын айтып отыр. Қазір Наджеда Соснова есін жиған. Дәрігерлер оның жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалады.

Бұл оқиғаның анық-қанығын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары анықтамақ.

-Сноубордшының жағдайын біліп отырмыз. Бүгін түстен кейін өз  күшімен тыныс ала бастады. Оқиғаның себеп-салдарын басқарма мамандары тексереді, - дейді басқарманың баспасөз қызметінің басшысы Елжан Қайырханов. 

null