Өскемендік волейболшы жігіттер Ұлттық лигадағы ел чемпионатында алғашқы ұпайларға ие болды

Олар алғашқы кездесуде қызылжарлықтарды («Есіл») - 3:1, оралдықтарды («Конденсат») 3:2 есебімен ұтып, 19 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Олардан бір ойыны кем алматылықтар 15 ұпаймен екінші орында тұр. Ал алматылықтармен бірдей ұпай жинағанмен, бір ойыны артық павлодарлықтар үшінші орынға орналасты. Одан кейінгі орындарды 12 ұпаймен «Конденсат» пен «ТНК Қазхром» (Хромтау) және 6 ұпайы бар қызылжарлықтар мен жарыс қожайындарын 3:2 есебімен ұтып, алғашқы 2 ұпайын олжалаған өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») түйіндеуде.
Бүгін енді «Есіл» мен «Конденсат», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Алматы» өзара күш сынасуда. Бұған дейін қызылжарлықтар атыраулықтарға 1:3 болып ұтылса, оралдықтар өскемендіктерді 3:0 есебімен жеңіп, атыраулықтарға 2:3 есебімен ұтылған болатын.