13:21, 26 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Өскеменге «көктем» келді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде қыс ортасында жауын жауып, көшелерді шалшық су басты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскеменде түнімен жаңбыр жауды, ауа температурасы нөлден жоғары болып тұрды. Тек Согра, Аблакетки, Ахмирово сияқты шеткері аудандарда күн біршама суытып, нәтижесінде көшелерде көктайғақ болды.
«Өскемен Тәртіп» қызметкерлері түнімен жұмыс істеді. Қазір олар жиналып қалған суды шығару үшін Абай даңғылына жіберілді. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты шұңқырлар пайда болды. Дәл осыған ұқсас жағдай Сәтбаев көшесінде де болды. Медігер ұйымдардың қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстарға жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық әкімдік.