Өскеменнен Новосібірге бара жатқан автобус Ресейде екі көлікпен соқтығысып, 4 адам көз жұмды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Өскеменнен Новосібірге бағыт алған автобус Ресейдің Топчихинский ауданында екі көлікпен соқтығысып, оның салдарынан жеңіл автокөліктегі 4 адамкөз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі РФ Алтай аймағының ІІД ресми сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап.

Ресейдегі ведомствоның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 06:45 шамасында «А-322» автожолының 106 шақырымында (Топчихинский ауданы) жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Алдын ала белгілі болғандай, 1995 жылғы «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі Барнауыл қаласынан Алейска қаласына қарай бара жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Бұдан кейін «Тойота» жүргізушісі Өскемен - Новосібір бағытында рейсті орындап келе жатқан «Фотон» автобусымен соқтығысқан. Барнауылға бағыт алған Автобусты 1963 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан. Соқтығыс салдарынан автобус та жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Алейска қаласына бет алған «Рено» автокөлігіне соқтығысқан», - делінген мәлімет көзінде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тойота» автокөлігінде отырған жүргізуші мен 1993, 1986, 1994 жылғы азаматтар қайтыс болған. «Рено» көлігінің ішіндегі 1990 азамат және 1980 жылғы әйел әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

«Автобуста жолаушылары зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram