Өскеменнен Ресейге баратын жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Өскеменнен Ресейге баратын жол жабылды. Бұл туралы «Қазавтожол» РМК хабарлады.
«15 қаңтарда 00:05-те «Өскемен - Шемонайха - РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолдың 108-123 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық», делінген хабарламада.