Өскеменнің сол жағалауында жаңа мөлтекаудан салынуда
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің сол жағалауында тағы бір мөлтекаудан салынуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл жерде реабилитациялық орталық, спорт мекемелері мен драмтеатрдың іргесі қаланған еді, енді тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Олар жеке инвестициялардың есебінен салынуда. Нысан 2018 жылдың көктемінде қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Кешенде 216 пәтерлі бес 9 қабатты коммерциялық үй-жайлар бар. Ол тұрғын үй құрылысының өңірлік бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Бір шаршы метрдің құны 165 мың теңгені құрайды.
Өңір басшысы Даниал Ахметов жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Ол бір пәтерге бір жарым көлік тұрақ орнын қарастырып, өтетін жолдың енін 6 метрден кем болмауын тапсырды.
«Ертіс» СПК» ҰК» АҚ арқылы бөлінетін бюджеттік қаржы есебінен биылғы жылы 298 пәтерлік төрт үйді (24,1 мыңшаршы метр) пайдалануға беру жоспарлануда. Оның үшеуі - Өскеменде, бірі - Семейде тұрғызылуда.
Биылғы жылы «Ертіс» СПК» ҰК» АҚ қаржысы есебінен Өскеменде, Семейде және Аягөзде тағы 13 үйді тұрғызу жоспарлануда.