Өскеменнің тағы бір өрт сөндірушісі Азия ойындарына қатысуға жолдама алды
ӨСКЕМЕН. 2 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - ШҚО ТЖ өрт сөндіру қызметінің тағы бір өрт сөндірушісі Азия ойындарына қатысады.
Өрт сөндіруші Дмитрий Бармашов фристайлдан Азия ойындарына қатысады. Финляндияда фристайл-могулден өткізілген ашық кубокта Д.Бармашов 48 қатысушының арасында үшінші нәтиже көрсетті. Осында иеленген қола медалінің арқасында Өскемендік өрт сөндіруші автоматты түрде Азия ойындарының қатысушысы болды.