Өскеменнің тумасы әлемдік хоккей тарихындағы ең жылдам шайбаны соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер хоккей лигасының матчында қазандық «Ирбис» мен орынборлық «Сарматтар» арасындағы ойында қақпаға әлемдік хоккей тарихындағы ең жылдам шайба соғылды.

 Өскеменнің тумасы әлемдік хоккей тарихындағы ең жылдам шайбаны соқты

Қазань командасының шабуылшысы Виктор Шахворостов матчтың 4-інші минутында қонақтар қақпасын қақыратты.

Электронды секундомер 3,05 секундты көрсетті.

Сөйтіп, Виктор Шахворостов «Жилина» командасының хоккейшісі словак Петр Сивактың 2012 жылы шайбаны қақпаға 3,23 секундта салған көрсеткішін жаңартты.

Виктор Шахворостов (1995 ж.) өскемендік хоккейдің үздік шабуылшысы атанған, денсаулығына байланысты спорттық жолын аяқтаған Александр Шахворостовтың отбасында дүниеге келген.