Осло түбіндегі аралда болған лаңкестік салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Осло түбіндегі аралда болған лаңкестік салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚР СІМ.
Осыған дейін ҚазАқпарат хабарлағандай, Норвегияның Утейа аралында Норвегия жұмыс партиясының жастар жиынына қатысушыларға қарсы оқ атқан лаңкестің қолынан кем дегенде 80 адам зардап шекті.
Қаза тапқандардың елеулі бөлігі 14-19 жастағы жеткіншектер. А.Брейвиктің қосқан жарылғыш затынан барлығы 87 адам қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген жаралылардың нақты саны әзірге белгісіз.