Ослода 150 мыңға жуық адам лаңкестік құрбандарын еске алды

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Кеше, 25 шілде күні қос лаңкестік әрекеттің құрбандарын еске алу үшін 150 мыңға жуық адам Норвегия астанасының көшелеріне шықты. NRK телерадиокомпаниясы хабарлағандай, шерушілер Ослоға елдің барлық түкпірінен келді.

Ослода 150 мыңға жуық адам лаңкестік құрбандарын еске алды

Олардың көбі қолына гүл мен алау ұстаған, деп жазады Лента.ру.

Мэр ғимаратының алдына жиналған топтың алдында сөз сөйлеген мұрагер Хокон ханзада норвегиялықтар мейірімсіздіктен қорғану үшiн бiр-бiрiне бауырмал болу керектігін айтты. Reuters Осло полициясы басшылығына сілтеме жасап хабарлағандай, көшелерге кем дегенде 100 мың адам шықты.

Одан бөлек, қаза тапқандарды еске алу шерулері Норвегияның өзге де қалаларында өтті.