Ослода ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы 19 сессиясында Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық етуіне жоғары баға берілді

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Кеше Ослода (Норвегия) ашылған ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 19 сессиясында Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық етуіне жоғары баға берілді,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатында сөз алған ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Жоао Соареш «Қазақстан өз төрағалығын ерекше қарқынмен жүргізіп келеді»,-деп атап өтті.

Сессияға қатысушылар биылғы мамыр айында Алматыда болған Трансазиялық парламенттік форум қорытындыларын талқылады. Парламентшілер атап өткендей, Алматы кеңесінде айтылған ұсыныстар мен идеялар Норвегия астанасында өткен Ассамблея сессиясында қабылданатын жекелеген қарарлардың жобаларында көрініс табатын болады.

ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың үндеуін ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк де Бришамбо оқып берді.

Жалпы отырыс барысында Қырғызстандағы жағдайға арналған арнаулы пікірсайыстар болды.

Бұл тақырып бойынша Марк П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек, Ассамблеяның Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Киммо Кильюнен және Қырғызстан Уақытша үкіметі делегациясының басшысы Омурбек Текебаев баяндама жасады.

Парламенттік қоғамдастық 27 маусымда Қырғызстанда болған референдум нәтижелеріне, сондай-ақ қазіргі кезде талқыланып жатқан Қырғызстанға полицияның жедел топтарын жіберу туралы ЕҚЫҰ-ның бастамасына ниеттестігін білдірді.

Көрші елдегі жағдайды реттеу жөніндегі шаралар аясында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретіндегі Қазақстанның күш-жігері аталып өтілді.

Одан басқа ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитеті Ассамблеяның іс басындағы Бас хатшысы Оливер Спенсерді (АҚШ) кезекті 5 жылғы мерзімге көпшілік дауыспен қайта сайлады.

Соңғы жаңалықтар