Ослоға Еуропаның «жасыл» астанасы атағы берілді

ОСЛО. ҚазАқпарат - Осло қаласының мэриясы орналасқан кеңседе Норвегия астанасына Еуропаның «жасыл» астанасы атағын беру рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
None
None

Салтанатты шараға Норвегия үкіметі мен корольдік отбасының мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Оның барысында Ослоның басқарушы мэрі Раймонд Йохансон қала тұрғындарының шаһар экологиясына қосқан үлесін жоғары бағалады.



«Бұл біздің қолымыздан келді. Енді барлығы - шенеуніктер, іскерлік орта, қарапайым қала тұрғындары, ұйымдар мен басқалары осы мүмкіндікті қолданулары тиіс. Бізге үлкен жауапкершілік артылды», - деп атап өтті Еуропаның «жасыл» астанасы атанған қаланың басшысы.

Оның айтуынша, бұл атақты иелену оңайға соқпаған, себебі бәсекелестік жоғары болған.



«Біз өзге 12 қаламен сынға түстік. Ауа сапасын, энергия тұтынуды және экологиялық инновацияны қосқанда түрлі экологиялық өлшем дәрежелері бар», - деді Раймонд Йохансон.

Шара кезінде қоршаған орта, балық аулау және теңіз істері бойынша Еурокомиссия комиссары Кармену Велла European Green Capital Award наградасын ресми түрде табыс етті.


Авторы Әлтайыр Әмірғали

Соңғы жаңалықтар