Осман империясының от қаруы табылды

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Палестинада Жерорта теңізінің жағалауынан Бірінші дүниежүзілік соғыста қолданылған аса ірі калибрлі зеңбірек табылды.

Осман империясының от қаруы табылды

Сарапшылар бұл зеңбіректің Осман империясының Жерорта теңізіндегі флотына тиесілі кемелердің біріне орналастырылғанын айтады. Олар бұл от қаруды 1914 жылы тұтанған Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайдаланылған көрінеді.

Зеңбіректің салмағы - 8,5 тонна, ал ұзындығы -7 метр. Зеңбірек 1910 жылы жасалған, деп хабарлайды muslim.kz.

Осман империясының қарулы күштерінің бейбіт уақытта мемлекетке қызмет ететін (низам) және резевтегі (редиф) болып екіге бөлінгенін айта кету керек. Алты аймаққа бөлінген Осман қағанатының әр аймағының өз әскері болған. 20-25 жас аралығындағы сарбаздар отан алдындағы парызын 12 жыл өтейтін. Ал, әскер қатарына жылына 25 мың адам шақырылып тұрған. Жаяу әскер мен кавалерия француздық үлгідегі ережеге бағынатын. Әр кавалерлік полк 6 эскадронға бөлінетін. Екі флангілік эскадрон карабинмен, кейінірек штуцермен қаруланған еді. Ал олардың төртеуі ағаштан жасалған ұзын сапты найзамен жарақтандырылатын. Әр эскадрон 4 взводтқа бөлінген.

Артиллерия далалық, жағалаудағы және қамалдағы болып бөлінетін. Оның өзі пруссиялық үлгі бойынша ұйымдастырылған. Қару арсеналында мыстан құйылған көне зеңбіректен бастап, иір ойықты оқпаны бар осы заманғы зеңбірекке дейін кездесетін.

Резервтегі жауынгерлер мемлекетке қызмет ететін сарбаздар қатарында парызын өтегендерден тұрды. Оларға демалысқа шығып, аптасына бір мәрте жиналатын.