Осман империясының соңғы сұлтаны түскен бейнежазба табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Осман империясының соңғы 37-ші сұлтаны Мехмед VI Вахидеддин түскен бейнежазба таныстырылды, деп хабарлайды Day.Az.
None
None

Жазбада болашақ сұлтан Вахидеддиннің Австро-Венгрия империясының императоры Франц Иосифтің жерлеу рәсіміне қатысқан сәті таспаланған. Аталмыш бейнежазба Анталия қаласының Кяпаз ауданында өткен шара барысында таныстырылды.

Жазушы Бекир Бюлент Озсойдың айтуынша, бұл кадрды 1980 жылы Австрияның мемлекеттік мұражайынан тапқан. Сондай-ақ ол аталмыш мұражайдан басқа мәліметті алуға барғанда, соңғы сұлтан туралы деректі кездейсоқ тапқанын да айтты.

Соңғы жаңалықтар