Осы апта табиғаттың тосын жаңалықтарына толы болды

АСТАНА. Қаңтардың 16-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Осы аптада борандатып қар жаууына және оның салдарынан жолды көру мүмкіндігінің азаюына байланысты республикалық және жергілікті бағыттағы бірқатар жолдар уақытша жабылды.
None
None
Атап айтқанда, Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарындағы жолдарда жүруге тыйым салынды. Сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Павлодар сияқты бірқатар облыстарда қар басып қалған көліктер төтенше жағдайлар мемемелерінің күшімен шығарылды. Бүгін журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген «Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының бастығы Марат Құндақбаев осы оқиғалар жөнінде баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, қыс мезгілі, соңғы күндердегі қардың қалың түсуі елде түрлі күтпеген жағдайлардың орын алуына себеп болып отыр. «Естеріңізде болса, қаңтар айы басталған тұста Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қардың қалың түсуіне байланысты күрделі жағдай орныққан еді. Жол бойындағы адамдар тасымалдап бара жатқан көліктер қарда қалып қойды. Олардың арасында шет мемлекеттердің азаматтары да болған. Абырой болғанда бұл проблемалардың барлығы да төтенше жағдайлар саласы мен өзге де құзырлы орган өкілдерінің күшімен шешілді. Табиғаттың тосын жаңалықтарына осы апта да толы болды», деді кәсіпорын бастығы. Оның айтуынша, осы аптада Алматы, Жамбыл, және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауаның температурасы 15-тен 20-ға, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында 25-тен 30 градусқа дейін төмендеген. Бұл аймақтарда қатты жел тұрып, желдің жылдамдығы Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында секундына 9-дан 14 метрге дейін, Алматы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында 15-тен 25 метрге дейін жетті. «Бұл әрине соншалықты үрей тудыратын жағдай болмағанымен төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерін біршама әбігерге салды», дейді М.Құндақбаев.Оның мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда Алматы және Павлодар облысының кейбір бағыттарындағы жолдар жабылған. Ал Астанадан шығар жолдардың барлығы ашық.
Соңғы жаңалықтар