Осы аптада елордадағы күзгі жәрмеңкелер маусымы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19-20 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласындағы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Осы аптада елордадағы күзгі жәрмеңкелер маусымы аяқталады

Елордадағы өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелерін Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы аяқтайды.

Ауа-райының қолайсыздығына, сонымен қатар астық жинаудың жалғасуына байланысты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 26-27 қазанынан 19-20 қазанына ауыстырылады. Бұл күні екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі бірге өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы жылдың соңғы өңірлік жәрмеңкесі болмақ.

Айта кетерлігі, күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусым- тамыз айының соңында басталды. Жәрмеңкеге барлығы 12 облыс қатысты. аталған жәрмеңкеге өңірлер 3,5 мың тоннадан астам түрлі өнімдер әкелініп, елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды.Еске сала кетсек, алдағы демалыс күндері ақмолалықтар елордаға 520 тоннадан астам азық-түлік жеткізеді.