Осы аптада Үкімет мүшелері жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы барысымен танысады
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуымен егжей-тегжейлі танысу мақсатында Үкімет мүшелерінің өңірлерге бірнеше жұмыс сапарлары жоспарлаған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев 19 қыркүйекте Қарағанды облысында «Сарыарка» арнайы экономикалық аймағында инновациялық индустриаландыру бағдарламасының іске асырылуымен танысады», - деді ресми өкіл. Қалың бұқараға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының мәнін түсіндіру бағытындағы жұмыстар Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Тамара Дүйсенованың 18-19 қыркүйектегі Екібастұзға жасайтын жұмыс сапарының басты тақырыбы болмақ.