Осы аптаның соңына дейін қолданыстағы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға арналған қаржы банктерге түсетін болады

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Осы аптаның соңына дейін қолданыстағы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға арналған қаражат екінші деңгейлі банктерге түсетін болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Үкімет қаулысымен ақпанның 17-де екінші деңгейлі банктер ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» қоры банктік салымдардың шарттарын мақұлдады. Осының негізінде біз қаржыны 10 банктің, атап айтқанда ? «Қазкоммерцбанк», «БТА банкі», «Халық банкі», «Альянс банкі», «Темір банкі», «Центр Кредит банкі», «Каспий банкі», «Еуразиялық банкі», «АТФ банкі», «Цесна банктің» депозиттеріне орналастыру туралы келісімдерге қол қойдық. Бүгіннен бастап 120 млрд. теңге көлеміндегі қаржы аталмыш банктерге жіберілді. Аптаның соңына дейін осы бағдарлама бойынша ақшалар банктерге түседі»,- деді Қ. Келімбетов.Оның айтуынша, наурыздың 1-нен бастап Үкімет белгілеген шарттарға сәйкес бағдарламаға енетін адамдардың барлығы ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыра алады. Айта кетейік, бұл бағдарламаға кіру үшін банктерден тұрғын үйге ипотекалық несие алған азаматтың пәтерінің аумағы 120 шаршы метрден аспауы тиіс және ол оның басындағы жалғыз баспанасы болуы шарт. Сонымен қатар бағдарламаға кіретіндердің екінші деңгейлі банктерде мерзімінде төленбеген қарыздары болмауы қажет.
Соңғы жаңалықтар