Осы күзде 17 мың азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күзгі шақырудың басталуына байланысты Қазақстанда осы күзде 1992-2000 жылдар аралығында туған 17 мың азамат мерзімді әскери қызметке қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан армиясы бүгінде әскерге шақыру және келісімшарт бойынша аралас тәсілмен жасақталады. Оның іс-қимылының бар саласына әлемдік тәжірибеге негізделген ең озық тәжірибелер енгізілген. Жеке құраммен жасақтау, оның ішінде әскерге шақыру да артта қалған жоқ. Қыркүйек айында әскерге кезекті рет шақыру басталды. Күзгі шақырылым желтоқсан айына дейін созылады. Желтоқсанға дейін біз 17 мыңнан астам жастарды әскер қатарына шақыруымыз керек. Оның ішінде Қарулы күштер қатарына, Шекара қызметіне, Ұлттық Ұланға және Мемлекеттік күзет қызметіне шақырамыз», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы Ардақ Кукатов.

Оның айтуынша, әскер қатарына денсаулығы мықты, елдің саясатын қолдайтын, патриоттық сана-сезімі жоғары, психологиялық-моральдық жағдайы жақсы ер азаматтар қабылданады. 

Әскери бөлімдер бойынша шақырылушыларды іріктеу және бөлу кезінде алдын ала зерттеу нәтижелері және шақырылуға дейінгі алған мамандықтары ескеріледі. Әскери бөлімдерді жасақтау эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Шақыруды және медициналық куәландыруды жүргізу тәртібі туралы мәселелерді жедел шешу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінде «қауырт желі» жұмыс істейді. Желіде жауапты лауазымды адамдар түсініктеме беріп, азаматтарды қызықтыратын барлық сауалдарға жауап береді.

Соңғы жаңалықтар
telegram