Осы күзде екі валентті коронавирустық вакцина өндіріле бастайды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екі валентті коронавирустық вакцина өндірісі осы жылдың күзінде басталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтағы өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы эпидемиялық жағдай жағымды емес, сондықтан қырағы болу керек. Коронавирусқа қарсы екі валентті вакцина инфекциямен және оның мутациясымен күресуге көмектеседі деп үміттенеміз», - деген ол.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның деректеріне қарағанда, е кі валентті вакцинаның артықшылығы, ол бастапқы инфекциядан және оның мутациялық штамдарынан қорғайды.

Американдық педиатрия академиясы мен Балалар ауруханалары қауымдастығының соңғы есебіне сәйкес, биыл АҚШ-та балаларда 6 миллионнан астам коронавирус инфекциясы тіркелді, бұл ретте соңғы төрт аптада 287 мыңға жуық жағдай қосылды.

Дүйсенбіде жарияланған есепте Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясын балалардың жұқтыру жағдайы бір жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі айтылған. Осыған байланысты вирустың жаңа нұсқаларымен байланысты инфекцияның ауырлығын, сондай-ақ балалар мен жастардың физикалық және психикалық денсаулығына ықтимал ұзақ мерзімді әсерін бағалау үшін көбірек жас деректерін жинау қажет.

Пандемия басталғаннан бері Америка Құрама Штаттарында 13,9 миллионнан астам балада коронавирус оң нәтиже көрсетті.

АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бес жасқа дейінгі 30 мыңнан астам американдық бала коронавируспен ауруханаға жатқызылды, 500-ге жуық адам қайтыс болды. Бұл бұрын елде вакцинациялауға құқығы жоқ жалғыз топ.



Соңғы жаңалықтар
telegram