Осы уақытқа дейін ОСК мәслихат сайлауына барлығы 3 мың 775 адамды кандидат етіп тіркеді
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгінгі мәліметтер бойынша, 2012 жылғы 15 қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына үміткер ретінде 7 мың 883 азамат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды.
ОСК мәліметтеріне қарағанда, ұсынылған үміткерлердің 1 мың 230-ы облыстық, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына, 5 мың 134-і аудандық мәслихаттарға депутат болғылары келеді. Ал 1 мың 519 азамат қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті. Осы уақытқа дейін ОСК мәслихат сайлауына барлығы 3 мың 775 адамды кандидат етіп тіркеген.