Осы уақытта көлік қозғалысы үшін үш трасса жабық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты осы уақытта үш автотрассада көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Осы уақытта көлік қозғалысы үшін үш трасса жабық

Автокөлік қозғалысына шектеу қойылған учаскелер:

1. Екатеринбург-Алматы, 1504-1610 км, Қарағанды-Ақсу-Аюлы (жүк және қоғамдық көліктер үшін)
2. Екатеринбург-Алматы, 1610-1854 км, Ақсу-Аюлы-Балқаш
3. Самара-Шымкент, 835-856 км, Хромтау-Қарабұтақ


Республика жолдарында 688 арнайы техника жұмыс істеуде.