Осы жылдың 1-ші тоқсанында экономиканың құлдырауына негізгі капиталға салынатын инвестициялардың қысқаруы да теріс әсер етті
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылдың 1-ші тоқсанында Қазақстан экономикасының құлдырауына экономиканың негізгі капиталына салынатын инвестициялардың 4,9 пайызға қысқаруы да теріс әсер етті.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, инвестицияның қысқаруы құрылыс саласында ? 28 пайызға, өнеркәсіпте ? 15,7 пайызға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 30,6 пайызға байқалған. Дейтұрғанмен министр екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына салған несиелік салымдары 2009 жылғы сәуірдің 1-інде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,2 пайызға өскенін атап көрсетті. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 45 пайызға, ал халықтың депозиті 7,3 пайызға ұлғайған.