Осы жылдың 4-ші тоқсанында Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізінің бір бөлігі Өзен теміржолының құрылысы басталады

Мамырдың 12 -сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан тарапы осы жылдың 4-ші тоқсанынан бастап Түрікменстан шекарасымен шектесетін Өзен теміржол желісінің құрысын салуды бастайды,

Осы жылдың 4-ші тоқсанында  Солтүстік-Оңтүстік   халықаралық дәлізінің бір бөлігі Өзен теміржолының құрылысы басталады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан, Түрікменстан және Иран мемлекеттері басшыларының тапсырмаларына сәйкес, биыл 4-ші тоқсаннан бастап республикалық бюджет есебінен Түрікменстан шекарасымен шектесетін Өзен теміржол желісінің құрылысы басталады. Өзен-Берекет-Горган теміржолының жалпы ұзындығы 678 шақырым, оның 138 шақырымы Қазақстан аумағында жатыр», деді бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.Министр бұл темір жол желісі Солтүстік -Оңтүстік халықаралық дәлізінің бір бөлігі болып табылатынын, ол Қазақстанды Парсы шығанағындағы елдермен тікелей жалғастыруды қамтамасыз ететінін атап көрсетті. Жалпы бұл желінің құрылысын 2012 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, Өзен ? Түрікменстан шекарасы теміржол желісі Қазақстан, Түрікменстан және Иранның бір мезгілде іске асырып жатқан Өзен (Қазақстан) ? Қызылқия ? Берекет ? Этрек (Түрікменстан) ? Горган(Иран) жобасының бөлігі болып табылады. Аталған теміржол арқылы Қазақстанның Түрікменстан, Иран және Парсы шығанағы елдерімен тікелей байланысы қалыптасады. Пайдаланудың бірінші жылында тасымал көлемі 5,5 млн. тоннаға дейін жетеді деп жоспарлануда.