Осы жылдың 9 айындағы еліміздегі Жалпы ішкі өнім 107,5 пайызды құрады - статистика
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айындағы Қазақстандағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады. Бұл ақпаратты еліміздің Статистика агенттігі таратып отыр.
«2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 43,1, қызметтер - 54,0 пайызды құрайды», - делінген ведомство ақпаратында.