Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара сауда айналымы 1,5 трлн. АҚШ долларынан асып түсті

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Кеден одағы елдерімен өзара сауда айналымы 1,5 трлн. АҚШ долларынан асып түсті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Кеден одағы елдерімен арадағы сауда-саттығы 1 трлн. 672,6 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7 пайызға асып түскен.

Қазақстан экспорты құрылымында минералды өнімдер (Кеден одағы елдеріне экспорттың жалпы көлемінің 42,2 пайызы), металлдар және одан жасалған бұйымдар (24,3%), химия өнеркәсібі өнімдері (14,5%) басымдыққа ие.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан да көп жағдайда минералды өнімдер (Кеден одағы елдері импортының жалпы көлемінің 40 пайызы), машиналар және құрал-жабдықтар (19,9%), металлдар және олардан жасалған бұйымдар (11,3%), химия өнеркәсібі өнімдері (11,5%) әкелінеді.

Соңғы жаңалықтар