19:36, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Осы жылдың соңына дейін елімізде алдыңғы қатарлы 3G ұялы байланыс стандарты енгізілетін болады
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Осы жылдың соңына дейін елімізде алдыңғы қатарлы 3G ұялы байланыс стандарты енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Астанада www.bnews.kz бизнес порталында өткен интернет конференцияда Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, осы жазда жиілікті меншіктеп беру мәселесі шешілетін болады, сөйтіп жыл соңына дейін еліміздегі барлық байланыс операторлары осы қызметті пайдалана алады. 3G байланыс стандарттарының енгізілуіне ұялы байланыс операторларының тиісті инфрақұрылымы сәйкес болуы тиіс. 3 G бұл үшінші буынның мобильді байланыс технологиясы. ТМД елдерінің ішінде 3G қызметін Ресей, Армения, Өзбекстан және Тәжікстан пайдаланады.