Осыдан 100 жыл бұрын телефонмен 3 минут сөйлесу 20$ тұрған

АСТАНА . ҚазАқпарат - АҚШ-та бұдан 100 жыл бұрын телефонмен алғашқы құрлықаралық сөйлесу арзан болмаған, деп жазады 24.kz.

Осыдан 100 жыл бұрын телефонмен 3 минут сөйлесу 20$ тұрған

1915 жылдың 25 қаңтарында тұңғыш іске қосылған байланыс желісі арқылы 3 минуттық байланыс құны 20 доллар тұрған. Қазіргі өлшеммен алғанда бұл 500 долларға тең.

Тура 100 жыл бұрын телефон желісін ойлап тапқан Грейам Белл Нью-Йоркта тұрып, Сан-Францискодағы көмекшісіне бірінші рет қоңырау шалған.

Осы құрлықаралық телефон желісін құру үшін 2,5 миллион келі материал жұмсалып, АҚШ бойынша ұзындығы 11 мың 300 шақырым қашықтыққа желі тартылған.

Америкалық телефон желісін осылайша алғаш рет құрған өнертапқыш Грейам Белл 1922 жылы қайтыс болған соң оны еске алу рәсімінде Құрама штаттардың барлық 13 миллионан астам телефоны уақытша өшірілген екен.