Осыдан 2 ай бұрын Үндістанда дүниеге келген қазақстандық сәби елге аман-есен оралды
деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Үндістанда туристік сапармен жүрген Қазақстан азаматшасы Наталья Куликова салмағы 800 грамдық қыз баланы дүниеге әкелген болатын.
Еліміздің Үндістандағы Елшілігі сәбиге туу туралы куәлік берілуіне жәрдемдесіп, анасының төлқұжатына оның дүниеге келгендігі туралы ақпарат енгізілген-ді. Сонымен қатар Нью-Делиден кедергісіз ұшу мақсатында туу куәлігі ағылшын тіліне аударылған.
Есте болса, Нью-Дели қаласындағы клиниканың дәрігерлері баланың ата-анасына егерде қызды күтуге қажетті ақша төлемесе, онда оның өмірін қамтамасыз етіп тұрған аппараты ажырататындықтарын мәлім еткен болатын. Осы орайда нәрестенің емделуіне қажетті қаражатты Жамбыл облысының әкімдігі толық көлемде және шұғыл түрде аударған еді.