Осыдан 30 жыл бұрын «Пахтакор» футбол командасы әуе апатында опат болды
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Осыдан 30 жыл бұрын - 1979 жылы тамыздың 11-інде Украинаның Днепродзержинск қаласының аспанында екі ТУ-134 жолаушылар ұшағы соқтығысқан болатын.
Лайнерлердің бірінің борында жоғарғы лиганың футбол командасы - Ташкенттің «Пахтакоры» болған еді. Сол апатта барлығы 178 адам қаза тапты. Сот екі авиадиспетчерді де кінәлі деп тапқан болатын.
Қаза болғандардың ішінде «Пахтакордың» 14 ойыншысы, команда әкімшісі мен дәрігері, сондай-ақ жаттықтырушысы болды. Олар Минск қаласына жергілікті «Динамомен» кездесуге бара жатқан еді.