Осыдан 70 жыл бұрын Екінші дүниежүзілік соғыс басталды

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Осыдан 70 жыл бұрын, 1939 жылы қыркүйектің 1-інде фашистік Германияның Польшаға шабуыл жасауынан 1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс басталған болатын. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен соғыс, екі әлемдік әскери-саяси коалициялардың қарулы қақтығысы болды,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Тарихшылардың айтуынша, Польшаға қарсы соғыстың басталуына арандатушылық әрекет себеп болды. 1939 жылы тамыздың 31-інде эсэстіктер тобы шекарадағы Глейвиц қаласының радиостансы ғимаратына басып кіреді. Микрофонның алдында бірнеше рет оқ атқан олар, алдын-ала әзірленген поляк тіліндегі мәтінді оқып шығып, «Польшаның Германияға соғыс ашатын кезі келгенін» жария еткен. Арандатушы әрекеттері құрғақ сөз болмауы үшін, эсэстіктер өздерімен бірге поляк әскери формалары кигізілген неміс қылмыскерлерін алып келеді және ол Глейвицте оларды атып өлтіреді. Ал келесі күні сағат 4.45-те неміс-фашист авиациясы Польшаның экономикалық және әкімшілік орталықтарына, аэродромдарға, коммуникация тораптарына шабуыл жасайды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа аумақтарында жер шары халқының 80 пайыздан астамы тұратын 61 мемлекет тартылды. Әскери әрекеттер 40 мемлекеттің аумағында өтті. Түрлі мағлұматтар бойынша, 50 миллионнан 70 миллионға дейін адам қаза тапты. Бұл қанды соғыс фашистік коалицияның, оның ішінде Германия мен Жапонияның талқандалуымен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар