19:44, 06 Шілде 2016 | GMT +5
«Отан-Ана» монументінің авторы - Н.Назарбаевтың ақ қағазға салған нобайы (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі жайлы ең алғашқы ресми тарихи-биографиялық зерттеу кітабында Астанадағы «Отан-Ана» монументі мен Президенттің Мәдени орталығының Н.Назарбаевтың қолымен салынған нобайлары бар.
2003 жылы «Wall street journal» газетінің «Президент жаңа астананы жобалауға қатысты ма?» деген сұрағына Н.Назарбаев: «Әрбір үйді жобалауға қатыстым. Әрбір архитектуралық жобаға қатыстым. Бұл тіпті үйлердің түсіне де қатысты... Мен - архитектормын және оған еш ұялмаймын»,-деп жауап берген.
Ақмола елорда болғаннан кейін ескі қаланы реконструкциядан өткізу барысында Н.Назарбаев «Отан-Ана» монументі мен Президенттің мәдени орталығының нобайын өзі салып берген.