Отан қорғаушы күні елге лайықты қызмет етуді парызы санайтын барлық адамдарды біріктіреді - СҚО әкімі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов аймақ тұрғындары Отан қорғашы күнімен құттықтады.

Отан қорғаушы күні елге лайықты қызмет етуді парызы санайтын барлық адамдарды біріктіреді - СҚО әкімі

«Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Бұл күн ерлік, айбын мен отансүйгіштікті, ұрпақтардың ажырамас байланысын бейнелейді. Отан қорғаушы күнін мерекелеу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ерекше маңызға ие. Бұл жылдары елдің Қарулы күштері қалыптасуын аяқтап, аяғына нық тұрып, мемлекет институты ретінде танылды.

«Біз тұлға, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мықты, қорғаныс қабілеті жоғары армияны, тиімді құқық қорғау жүйесін құрдық», - деп атап өтті ел президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында.

Бүгінде қазақстандық армия әскери дайындық пен жабдықтаудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Біздің әскери қызметкерлеріміз кәсібилік, тәртіпке салынғандықтың үлгісін көрсетіп жатыр.

Қарулы күштер қатарында қызмет ету - әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға ұрпақтың қаһармандық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің қуатты мектебі.

Отан қорғаушылар күні өз Отанына адал қызмет атқаруды өз парызы санайтындардың барлығын біріктіреді.

Бұл мереке күні Отан қорғаушылардың барлығына шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, амандық және табыстар тілеймін!», - делінген СҚО әкімінің құттықтау мәтінінде.