Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс мерекесінің қатар келуінде символдық мән бар - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс мерекесінің қатар келуінің символдық мәні бар. Бүгін Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында өтіп жатқан Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадта сөз сөйлеген

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс мерекесінің қатар келуінде символдық мән бар  - Елбасы

ҚР Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. «Бұл Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздар мен бүгінгі Отан қорғаушылардың арасындағы әскери дәстүрлердің сабақтастығын аңғартады. Майдандағы айбынды ерлік, тылдағы қажымас қайратты еңбек сол Жеңістің шешуші күші болды. Мен соғыс және еңбек ардагерлерін шын жүректен құттықтаймын», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бүгін еліміздің айбынды сарбаздары салтанатты маршпен «Қазақ Елі» алаңынан жүріп өтетінін айтып, бұның Ұлы Жеңіске және Отан қорғаушыларға деген ерекше құрмет күні екенін алға тартты.

«Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің шебі бүтін, шекарасы берік болсын. Отанымыз тыныштыққа бөлене берсін. Мәңгілік еліміз мызғымас бейбітшілікте болсын. Байрағымыз биікте желбіреп, абыройымыз асқақ болсын. Айбынды Армиямыз жасасын! Қазақстан жасасын! Ура!», - деді Н. Назарбаев сөз соңында.

Жоғарғы Бас Қолбасшының жалынды сөзін барлық сардарлар мен сарбаздар іліп әкетіп, уралады. Сосын әскерилер Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап, оның соңынан салтанатты шеру басталып кетті.