Отан қорғаушы күнінде өтетін жауынгерлік шеруге дайындық жалғасуда

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Отар» 40-ыншы әскери базасы ауданына Отан қорғаушы күніне арналған Жауынгерлік шеруге қатысушы әскерлердің шоғырлануы аяқталды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Бүгін полигонда командалық-штабтық дайындық барысында шеруді өткізу кезіндегі барлық іс-қимылдар егжей-тегжейлі пысықталды. Әскерлердің жауынгерлік шеруге дайындығына Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жетекшілік етуде.

«Жауынгерлік шеруге қатысушы бөлімшелер тәжірибелік дайындықтар барысында өзара іс-қимылдарын түбегейлі пысықтайтын болса, офицерлер шеру кезеңдерін жоспарлауда және бөлімшелерді басқаруда әскери өнерді жоғары деңгейде пайдалана білуге ұмтылмақ»,- дейді Мұрат Майкеев.

Қазіргі кезде «Отар» 40-ыншы әскери базасында қару-жарақ пен әскери техниканы және полигон нысандарын дайындау қызу жүргізілуде. 7 мамыр - Отан қорғаушы күні Жауынгерлік шеру тікелей эфир арқылы таратылады.

Онда Құрлық әскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Әуе қорғанысы күштері аспан кеңістігінде өз шеберліктерін танытады. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметшілер, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.

Соңғы жаңалықтар