Отан қорғаушы күніне арналған бүгінгі шеруді ұлы той десек болады - соғыс ардагері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отан қорғаушы күніне арналған бүгінгі шеруді ұлы той десек болады. Бұл пікірді Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында өткен Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеруден кейін соғыс ардагері Жүнісбек Кәрімов білдірді.

Отан қорғаушы күніне арналған бүгінгі шеруді ұлы той десек болады - соғыс ардагері

«Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған бүгінгі шеруді ұлы той десек болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында бүгінгі әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыған елге айналып отырмыз. Осыған тәубе қыламын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді қарт майдагер.

2 ұл мен 1 қыз тәрбиелеп, бүгінде немере-шебере сүйіп отырған ардагер бүгінгі ұрпақ соғысты білмей, бейбіт заманда өмір сүргеніне тілектес екендігін баса айтты.

«Қой үстіне торғай жұмыртқалаған заман дегеніміз, міне, осы күн. Соны сендер көздің қарашығындай сақтай біліңдер», - деді ол.