Отан қорғаушы күніне орай жасөспірімдер арасында футболдан турнир басталды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Отан қорғаушы күніне орай «Намыс» кәсіби футбол клубының алаңында Астана қаласының мектептері арасында футболдан турнир басталды,

Отан қорғаушы күніне орай жасөспірімдер арасында футболдан турнир басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгін, турнирдің алғашқы күні 8 мектеп бақ сынайды. Аталмыш шараның мақсаты ? жастарды салауатты өмір салтын сақтауға шақыру, дене шынықтыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ футболды дамыту. Жарысқа мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысады.«Отан қорғаушы күніне орай басталған турнирді ұйымдастыруға бізге «Намыс» футбол клубы, «Динамо» спорт кешені, Астана қаласының білім, ішкі істер департаменттері жәрдемдесіп отыр. Ертең жеңімпаздар анықталады, ал 1, 2, 3-ші орындарды еншілегендерге бағалы сыйлықтар тапсырылады», - дейді «Нұр Отан» ХДП «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Добровольский.