Отан қорғаушылар күні: Алматыда челлендж бастады

Олар ұрыс киімімен, салмағы
№1 арнайы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері өртсөндіру қолтығын пайдаланып 8 тонна су толтырылған ГАЗон NEXT арнайы көлігін орнынан қозғады.
№12 бөлімшенің қызметкері «Урал» көлігінің 100 келі болатын дөңгелегін жылдамдықпен айналдыра отырып, кроссфит жүгірді. Одан кейін қысымы жоғары ауада аппараттан ажырамай тар штурм баспалдағымен жүріп отырды.
Одан кейін оқыту мұнарасының 5-қабатына көтерілді. Осының барлығын ол бірнеше минут ішінде істеп шықты.
№2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері ұрыс киімімен құрал жабдықты көтере отырып ауыр спорт құралдарымен жаттығу жасап көрсетті.
№5 бөлім қызметкері екі өрт сөндіру көлігінің ортасында орналастырылған өрт сөндіру баспалдағымен жорғалап, шымырлығын паш етті.
№16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Медеудегі 842 баспалдақпен көтеріліп Қазақстан Республикасының жалауын желбіретті.
«Бұл көрсетілген жаттығулардың барлығы өрт сөндірушілердің қандай ТЖ болмасын физикалық, моральдық дайындығын көрсетеді. Бұл челленджді Алматы өрт сөндіру гарнизонының 17 бөлімі іліп әкетеді», - деді қалалық ТЖД.