13:57, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай 82 прокуратура қызметкері арнайы наградаға ие болды
АСТАНА. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Бас прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі атанды.

Сондай-ақ осы мерекеге орай және Президент Жарлығы негізінде Бас прокурордың орынбасары Берік Асыловқа 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені табыс етілді.
Бас прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мінсіз қызметтері мен заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін прокуратура органдарының 82 қызметкеріне ведомстволық наградалар табыс етілді.