Отан қорғаушылар күніне орай өтетін әскери шеруге байланысты Астана әуежайы жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық жаттығуларын өткізуге байланысты Астана әуежайы күніне екі сағаттай жұмысын тоқтататын болады. Бұл туралы әуежай сайтында жарияланды.
None
None

Алдын ала белгілі болғандай, 2014 жылдың 24-30 сәуір аралығында және 2,3,5 мамыр күндері Астана әуежайы сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін, сондай-ақ 7 мамыр күні сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін әуе кеңістігі жабық болады. Осы себепті рейстер белгіленген уақытынан кешігіп келеді, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар