Отан қорғаушылар жыл басынан бері халықаралық жарыстардан 40 медаль алып келді

«Әскери қызметшілер жыл басынан бері түрлі жарыстардан барлығы 92 медаль жеңіп алды. Оның ішінде халықаралық турнирлерде 20;алтын медаль, 6 күміс және 14 қола медаль бар»,- делінген Қорғаныс министрлігінің ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.
Халықаралық деңгейдегі жарыстарға келсек, қазақстандық әскерилер Мороккода стендтік атудан әлем кубогына, Таиландта бокстан u-22 Азия чемпионаты, Португалияда дзюдодан гран-рри, Болгарияда дзюдодан Еуропа кубогы, жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты (Астана), Кувейтте стендтік атудан Азия кубогы, Грузияда дзюдодан Гранд Слам, Азия чемпионаты Астанадағы күрес түрлері бойынша, Хорватияда өткен дзюдодан Еуропа кубогы сонымен қатар Беларусьте жабық үй-жайда төрт жарыстан әлем чемпионатына қатысты.
Қазақстан Республикасының чемпионаттарында әскери қызметшілер 30 алтын, 12 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Олар - еркін күрес, грек-рим күресі, қоян-қолтық күресі, бессайыс, альпинизм, гір көтеру, шаңғы, биатлон, үстел теннисі, байдарка және каноэ сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынасты.
Бұған дейін отандық әскер саласында 7 мыңға жуық әйел қызмет етіп жүргенін хабарлаған едік.
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, соңғы 30 жылда адамдарды құтқарған 35 әскери қызметші мерт болды.