Отан соғысы мүгедектеріне арналған госпитальде мемлекеттік тіл күніне арналған жиын өтті
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальде мемлекеттік тіл күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Бұл ақпаратты аталған госпитальдің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жиында қазақ тілінің қордаланған мәселелері жан-жақты талқыланып, тілді дамыту жолдары қарастырылды. Жиыннан кейін госпитальде ем алып жатқандар арасында «Тілге құрмет - Елге құрмет» атты конкурс өткізілді. Сайысқа қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлер, мақал - мәтелдер, ырым - тыйымдары төңірегінде құрылған сұрақтарға жауап беріп, білім жарыстырды. Жиын соңында түрлі ұлт өкілдері қазақ тілінде әндер шырқады.